21 қыркүйекте Душанбеде «Тәжікстан-Өзбекстан-Түркіменстан-Иран-Түркия» көлік дәлізі бойынша жоғары деңгейдегі жұмыс тобының бірінші консультативтік отырысы өтті.
Көлік министрлігінің хабарлауынша, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) жетекшілігімен өткен жұмыс тобының отырысына Көлік және логистиканы дамыту мәселелерін зерттеу орталығының мамандары қатысты.
ЭЫҰ -ға мүше мемлекеттер көлік министрлерінің 11-ші отырысында қабылданған Анкара декларациясына сәйкес, «Тәжікстан-Өзбекстан-Түркіменстан-Иран-Түркия» мультимодальдық көлік дәлізін дамытудың жобалық бағдарламасын әзірлеуге келісілді, делінген хабарламада.
Кездесуде жүк тасымалдауды ұлғайту және сауда рәсімдерін жеңілдету, әсіресе теңізге шыға алмайтын елдер үшін халықаралық транзитті дамыту және ілгерілету мәселелері талқыланған.