ФОТОРЕПОРТАЖ

Қарақалпақстан Республикасының Шоманай ауданындағы «Мамий» елдімекенінде тұратын Төрехан Молдағәлиев өмірін мал шаруашылығына арнаған нағыз еңбек адамы. Ол көп жылдан бері түйе өсірумен айналысып келеді. Қарапайым ауыл тұрғынының есімі бүгінде аудан көлемінде ғана емес, бүкіл Арал маңында білгір малшы ретінде танылып отыр.

Бүгінде оның шаруашылығында 10 түйе бар, соның 6-ы сауынды. Түйе сүті халқымыз үшін ежелден белгілі шипалы сусын. Дәрі-дәрмектен кем түспейтін бұл өнім адам ағзасын қуаттандырып, түрлі дертке дауа болады.

[gallery-24426]

Бірақ пайдасы тек сүтпен шектелмейді. Түйе жүнінен түрлі бұйымдар тоқуға, тұрмыстық және сәндік мақсатта қолдануға жарайды. Осындай кәсіп отбасының негізгі табыс көзіне айналып қана қоймай, ауылдық жерлерде жұмыссыз отырған әйелдерге де үйден табыс табуға мүмкіндік береді.

Молдағәлиевтің мысалы еңбек пен табандылықтың үлгісі. Оның ісі ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосып қана қоймай, жергілікті тұрғындарға кәсіпкерлік жолын меңгеруге шабыт беріп отыр.

суреттерді түсірген М.ХАБИБУЛЛАЕВ, ӨзА

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түйе бағып жан баққан Төрехан