Түркия Қарабахта бас консулдық ашпақ
Түркия Әзірбайжанның бақылауына өткен Қарабахтағы Шуша қаласында бас консулдық ашады.
Anadolu порталының хабарлауынша, бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.
«Біз Шушада бас консулдық ашамыз», - деген Ердоған.
Түркия Президенті сонымен қатар Шушада түрік компанияларының қатысуымен жүзеге асырылған инфрақұрылымдық жобалардың аяқталуы қалаға туристер ағынын арттыратынын атап өткен.
Шушада ашылуы жоспарланған консулдық Әзірбайжандағы төртінші түрік дипломатиялық миссиясы болмақ. Қазіргі күнде Бакуде елшілік және Гянджа мен Нахичеванда консулдықтар бар.
Шуша – 4,5 мың тұрғыны бар Таулы Қарабақтағы негізгі қала. 2020 жылдың 8-9 қарашасында жүргізілген операция кезінде қала қайтадан Әзірбайжанның бақылауына өткен еді.