Астана қаласында Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркіменстан және Өзбекстан өкілдерінің қатысуымен Түркі тілдес мемлекеттер шахмат қауымдастығын (TSCCA) құру жөніндегі меморандумға қол қойылды.

TSCCA-ның бас хатшысы қызметіне Әзербайжанның белгілі шахматшысы, спорт шебері Илаһа Гадимова сайланды.

Айта кету керек, бұл қауымдастықты құру идеясы 2024 жылдың қыркүйегінде Будапештте өткен 45-ші шахмат олимпиадасы мен FIDE Бас Ассамблеясы кезінде ұсынылған болатын.

Сол жиында қатысушы мемлекеттер FIDE-мен байланысты құрылым қалыптастыру бағытында бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласқан еді.

Жаңа ұйымның басты мақсаты – ұлттық шахмат федерациялары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, өзара тәжірибе алмасу, ірі турнирлер өткізу және балалар мен жастарға арналған бағдарламалар әзірлеу.

Меморандумға қол қою рәсіміне FIDE президенті Аркадий Дворкович және түркі тілдес елдердің шахмат федерацияларының өкілдері қатысты.

Ұйымның бас кеңсесі Түркі әлемінің мәдени астанасы саналатын Қазақстанның Түркістан қаласында орналасады. Құжатқа сәйкес, Түркия 2025 жылдың соңына дейін қауымдастыққа төрағалық етеді, ал 2026 жылдан бастап басшылық міндеті Қазақстанға өтеді.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркі тілдес мемлекеттердің шахмат қауымдастығы құрылды