Ыстамбұл қаласында «БАҚ-тағы бірлік және болашаққа көзқарас» тақырыбында Түркітілдес елдердің медиа саммиті өтті.
Шарада Түркияның «Анадолу» ақпарат агенттігінің бас директоры Сердар Карагез, Қырғызстанның «Кабар» ақпарат агенттігінің директоры Медербек Шерметалиев, Қазақстан «Қазконтент» медиахолдингінің басқарма төрағасы Бекзат Жүсіпов, Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігінің (UzA) бас директоры Абдусаид Кучимов, сондай-ақ Түркия Президенті Әкімшілігінің Байланыс бөлімінің меңгерушісі Фахреттин Альтун, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубаничбек Омуралиев және басқа да жоғары мәртебелі қонақтар қатысты.
Іс-шараға қатысушылар Түркітілдес елдердің жетекші медиа құрылымдарының өзара ақпарат алмасудағы ынтымақтастығы маңыздылығын ерекше атап өтті.
Осыған сәйкес, альянс түркі әлемінің ортақ мұрасы мен мәдениетін сақтау мен насихаттауда маңызды рөл атқаратыны сөз болды.
Саммит соңында бес елдің медиа құрылымдарының басшылары арасында Түркі тілдер ақпарат агенттіктерінің альянсын құру туралы декларацияға қол қойылды.