Трамп Венесуэланы «51-штат» ретінде атады
АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында Америка туының түстерімен боялған Венесуэла картасын жариялап, оған «51-штат» деген жазу қалдырды.
Сонымен қатар, ол 11 мамыр күні Fox News арнасына берген сұхбатында да бұл мәселе туралы байыппен ойлап жүргенін айтқан еді. Дегенмен, бұл мәлімдеменің нақты мазмұны әлі де түсініксіз күйінде қалып отыр.
Ал Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригес журналистерге елінің 51-штат болуға ниетті емес екенін бірден мәлімдеді.
Ол Гаага қаласындағы Халықаралық сот ғимаратында Венесуэла мен көрші Гайана арасындағы минералдар мен мұнайға бай Эссекибо аймағына қатысты даудың соңғы күні былай деді:
– Біз өз тұтастығымызды, егемендігімізді, тәуелсіздігімізді және тарихымызды қорғауды жалғастырамыз. Венесуэла – отар емес, еркін мемлекет!