Иранда Нобель сыйлығының лауреаты түрмеден босатылды
Иран билігі адам құқықтарын қорғаушы, Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Наргис Мохаммадині қамаудан босатты.
Le Monde басылымының хабарлауынша, Нобель лауреатының денсаулығының күрт нашарлауы және ірі көлемдегі кепіл оның бостандыққа шығуына негіз болған. Қазірде ол ем алу үшін Тегеран қаласына жеткізілген.
Өткен аптада Мұхаммадидің жақтастары оның өміріне қауіп төніп тұрғанын мәлімдеген. Болжам бойынша, ол екі рет жүрек талмасына ұшыраған.
1990-жылдардан бері Наргис Мохаммади Иранда өлім жазасына, сондай-ақ әйелдер құқықтарының шектелуіне қарсы күресіп келеді. Ол бірнеше рет тұтқындалып, түрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылған. 2024 жылы денсаулығына байланысты уақытша босатылған болатын. Алайда 2026 жылдың басында елдегі жаппай наразылықтардан кейін оған қайтадан жаза мерзімі белгіленген еді.
Айта кетейік, 2023 жылы Наргис Мохаммади Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ие болды. Сыйлықты оның орнына балалары қабылдап алған, себебі ол сол кезде қамауда болған.