Термезде «Eco-save-Aral-2025» марафоны өтті
Өзбекстан өңірлерінде дәстүрге айналған бұқаралық жүгіру шаралары жалғасуда. Соның аясында «Eco-save-Aral-2025», «Студент жүгір» және «Оқушы жүгір» атты марафондар кезең-кезеңімен ұйымдастырылып келеді. Осы жолы көптен күткен дода Термез қаласында ерекше көтеріңкі көңіл-күйде өтті.
Жарысқа өңірдің төрт мыңнан астам спорт жанашыры қатысты. Қатысушылар 3 шақырымдық қашықтықты бағындырып, өз күш-жігерін сынады. Әрбір спортшының нәтижесі қазылар алқасы тарапынан әділ бағаланып, шынайы жеңімпаздар анықталды.
[gallery-25608]
Сайыс соңында үздіктер мен жүлдегерлер марапатталды. Осылайша, марафон салауатты өмір салтын дәріптеп қана қоймай, ел тұрғындарының денсаулығын нығайтуға да зор үлес қосып келеді.
суреттерді түсірген Ж.ҚУЗИМУРОДОВ, ӨзА