Термезде балаларға арналған су шашу шоуы ұйымдастырылды
ФОТОРЕПОРТАЖ
Өзбекстанда сақталып тұрған аптап ыстыққа байланысты тұрғындардың, әсіресе балалардың жазғы демалысын қызықты әрі мазмұнды өткізу мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Осыған орай Төтенше жағдайлар министрлігінің бастамасымен республиканың барлық өңірінде су шашу шоуы өткізілуде.
Осындай шаралардың бірі Термез қаласындағы «Фаровон» тұрғын алабында өтті. Термез қаласы әкімдігі мен қалалық Төтенше жағдайлар бөлімі бірлесіп ұйымдастырған іс-шарада балалар су бүріккіштердің астында асыр салып ойнап, жазғы демалыстың жарқын сәттерін өткізді.
[gallery-30479]
Шара барысында балалардың қауіпсіздігі мен жайлы демалысына ерекше көңіл бөлінді. Көңілді әуен мен балалардың шат күлкісі аптап ыстыққа қарамай қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
суреттерді түсірген Ж.ҚУЗИМУРОДОВ, ӨзА