Таяу Шығыстағы ахуал: Иран мен АҚШ арасындағы шиеленіс қайта күшейді
Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы АҚШ-тың 5-флот штабы мен аймақтағы әскери базаларына зымырандар және дрондар арқылы соққы жасағанын мәлімдеді.
Press TV телеарнасының хабарлауынша, шабуыл кезінде АҚШ-пен байланысты «Panaya» кемесі де нысанаға алынған.
Ал АҚШ Орталық қолбасшылығы — CENTCOM өз кезегінде Иранның Кешм аралындағы нысандарға соққы жасалған. Вашингтон бұл әрекетті «өзін-өзі қорғау шарасы» деп бағалаған.
CENTCOM мәліметіне сәйкес, АҚШ күштері Кувейт пен Бахрейн бағытында ұшырылған бірнеше ирандық баллистикалық зымыран мен дронды жойған. Сонымен қатар Иранның Харк аралына бет алған мұнай танкері де тоқтатылғаны хабарланды.