Ташкент қаласындағы білім орындарында оқу 23 қаңтарда басталады.
Қала әкімшілігінің хабарлауынша, Ташкенттегі мектеп, лицей, колледж, сондай-ақ жоғары оқу орындарында оқу 23 қаңтардан басталады.
Сонымен қатар бұған дейін 18 қаңтардан оқу үрдісі басталатын Бұхара, Әндіжан және Хорезм облыстарындағы барлық оқу орындарында сабақ, 23 қаңтарда басталатыны хабарланды.
Мектепке дейінгі және мектеп білім беру министрі жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен ІІІ тоқсанды бастау мәселесі бойынша жиын өткізіп, жергілікті әкімдіктер оқу орындарының дайындық жағдайын тағы бір мәрте талдау қажеттігін айтқан.
«Қазіргі уақытта ауа райы тұрақталғанша оқушыларды уақытша онлайн оқыту жүйесіне көшіру мәселесін қарастыруда», делінген ресми хабарламада.