Мектептерде жаңа оқу жылы 2 қыркүйекте басталады
Өзбекстандағы мектептерде 2026/2027 оқу жылы 2 қыркүйекте басталады.
Бұл туралы Мектепке дейінгі және мектеп білім министрлігі хабарлады.
Республика бойынша барлық жалпы білім беретін мектептерде жаңа оқу жылының сабақтары биылғы 2 қыркүйек, сәрсенбі күні басталады.
Биыл бірінші сыныпқа қабылданатын 795 мыңнан астам оқушыға құрамында 12 түрлі оқу құралы бар «Президент сыйлығы» салтанатты түрде табысталады.
Айта кетейік, республикадағы лицейлер мен техникумдарда оқу жылы 2 қыркүйекте басталса, жоғары оқу орындарында 1-курс студенттері үшін 7 қыркүйектен, ал 2-курс және одан жоғары курс студенттері үшін оқу процесі 14 қыркүйектен басталады.