Ташкентте жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді
8–10 қазан күндері Ташкент қаласындағы «Aquatic Palace» кешенінде «World Aquatics Swimming World Cup» жарысының кезекті кезеңі өтеді.
Бұл жарыс Өзбекстан үшін маңызды спорттық оқиға болмақ. Себебі ел тарихында алғаш рет жүзуден Әлем кубогының кезеңін қабылдайды. Бәсекеге 50-ден астам ұлттық федерациядан 750-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде.
Әлем кубогі сериясының үш кезеңіне жалпы көлемі 1,2 миллион доллар болатын жүлде қоры бөлінген. Сонымен қатар әлемдік рекорд жаңартқан спортшыларға және барлық үш кезеңде жоғары нәтиже көрсеткен жеңімпаздарға қосымша ақшалай сыйақылар қарастырылған.
Жарыстың алғашқы кезеңі 1–3 қазан күндері Бакуде, екінші кезеңі Ташкентте, ал қорытынды кезеңі 15–17 қазан күндері Астанада өтеді.

Ташкенттегі жарыстар спортшылар үшін жылдың тағы бір маңызды додасы — 1–6 желтоқсан күндері Бейжіңде өтетін жүзу және су спорты түрлерінен 18-әлем чемпионатына дайындық кезеңі болмақ.
Айта кетейік, Ташкентте «World Aquatics» жарыстарына бұған дейін де бірнеше рет қонақжайлық танытқан. Ташкент 2017 және 2018 жылдары жүзуден Әлем кубогының кезеңдерін қабылдаған. Енді сегіз жылдық үзілістен кейін елорда қайтадан аталған ұйымның жарыстар күнтізбесінен орын алып отыр.