Ташкентте жүзуден Әлем кубогы басталды
«Олимпияда қалашығы» кешенінде жүзуден Әлем кубогы кезеңінің ашылу салтанаты өтті.
Жарысқа 40 елден келген 230 спортшы қатысып жатыр. Ашылу рәсіміне World Aquatics, Азия Олимпиада кеңесі, Өзбекстан Ұлттық Олимпиада және Паралимпиада комитеттері, «Uzbekistan Aquatics» федерациясы мен басқа да ұйымдардың басшылары қатысты.
Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген ресми тұлғалар бұл турнирдің Өзбекстан тарихындағы жүзуден ұйымдастырылып отырған ең ірі жарыс екенін атап өтті. Сондай-ақ елде су спорт түрлерінің дамып келе жатқаны айтылды.
Ресми бөлім аяқталғаннан кейін жарыс бағдарламасына енген финалдық сайыстар басталды. Ташкентте өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде 40 елден келген 230 спортшы жеңіс үшін бақ сынайды. Жарыс 10 қазанға дейін жалғасады.