Еске алу турнирі: Ресей құрамасы жеңімпаз атанды
ФОТОРЕПОРТАЖ
Ташкент қаласындағы «Пахтакор» орталық стадионында футболдан марқұм футбол қайраткері Мираброр Усмоновты еске алуға арналған «Мираброр Усмонов кубогы – 2026» турнирі аяқталды.
Өзбекстан футболының дамуына елеулі үлес қосқан Мираброр Усмоновты еске алуға арналған жарыстың финалында Өзбекстан және Ресей құрамалары алаңға шықты.
Тартысты әрі ымырасыз өткен кездесуде қос команда да жеңіске жету үшін бар күшін салды. Бірақ, орайлы сәтті пайдаға асырған Ресей құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетіп, «Мираброр Усмонов кубогы – 2026» турнирінің чемпионы атанды.
[gallery-31807]
Өзбекстан құрамасы жарысты екінші, ал Сауд Арабиясы құрамасы үшінші орынмен аяқтады.
Турнир қорытындысы бойынша жарыста шеберлігімен ерекшеленген футболшыларға бірқатар арнайы номинация бойынша жүлделер табысталды. Атап айтқанда, «Үздік сұрмерген», «Үздік қақпашы», «Үздік футболшы» және «Үздік жас футболшы» аталымдарының жеңімпаздары марапатталды.
Осылайша, бірнеше күн бойы футбол жанкүйерлеріне тартысты әрі қызықты кездесулер сыйлаған «Мираброр Усмонов кубогы – 2026» еске алу турнирі өз мәресіне жетті.
суреттерді түсірген М.АМИН, ӨзА