Ташкент қаласында Өзбекстан, Әзірбайжан және Қазақстан энергетика министрлерінің екінші кездесуі өтті.
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, шарада «Өзбекстан-Қазақстан-Әзербайжан энергетикалық жүйелерінің өзара байланысы жобасының («Жасыл дәліз») тұсаукесері өтті.
Конференцияда Әзірбайжан, Қазақстан және Өзбекстанның энергетикалық секторларын қосу арқылы аймақта өндірілетін жасыл энергияны Еуропаға экспорттау жобасының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін бекіту, техникалық-экономикалық негіздерін зерттеу үшін халықаралық кеңесшілерді тарту мәселелерін қарау, жоба бойынша мемлекетаралық келісімнің жобасын дайындау және басқа да мәселелер талқыланды.
Жиын соңында тиісті құжаттарға қол қойылды.