2024 жыл 5 маусым күні Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымы форумының ХІХ отырысы өтеді.

Атаулы шараны Өзбекстан төрағалығымен Өзбекстан Президенті жанындағы Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институты ұйымдастырып отыр.

Форум «Жаңа жағдайдағы ШЫҰ-ның рөлі: ортақ қауіпсіздік, тұрақтылық және өркендеу жолындағы күш-жігерді біріктіру» тақырыбына арналады.

Оған әлемнің 10 елінен 40-тан астам сарапшы, оның ішінде ШЫҰ-ға мүше елдердің ұлттық ғылыми орталықтарының өкілдік делегациясы, ШЫҰ бақылаушы-мемлекеттерінің мамандары және ұйымның байланыс серіктестері, ШЫҰ Хатшылығының басшылығы мен ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының Атқару комитеті басшылығы қатысады.

Іс-шараның күн тәртібіне ШЫҰ аясындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары, ШЫҰ-ның заманауи даму сатысындағы тиімділігін арттырудың болашақ перспективаларын талқылауға және ШЫҰ форумының қызметін жетілдіруге арналған негізгі үш сессия қарастырылған.

Форумның соңында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің іс-шараның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша көзқарастары сипаттайтын Отырыстың Хаттамасына қол қою жоспарланған.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте ШЫҰ форумының ХІХ отырысы өтеді