2022 жылдың 3-4 тамыз күндері Ташкентте Өзбекстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығы аясында аймақтық көшбасшылар форумы өтеді.
Форумның басты мақсаты – ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің назарын туризмді, мәдениет пен ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту мәселелеріне аудару.
Екі күндік іс-шара бағдарламасына ұйымға мүше елдердің іскер топтары өкілдерінің қатысуымен пленарлық отырыс пен үш пікірталас сессиясы, бизнес-форум орын алған.
Талқылау сессиясы барысында қатысушылар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу, агроөнеркәсіптік кешенге инновациялық технологияларды енгізу, азық-түлік өнімдерін өндіру, туризм және көлік логистикасы саласындағы ынтымақтастық бойынша бірлескен жоғары технологиялық жобаларға назар аударады.