Ташкентте мәдени мұра апталығы басталды
Бүгін Ташкент қаласында «Шығыс Ренессансы феномені: мемлекеттер, діндер және өркениеттер» тақырыбында мәдени мұра апталығының ашылуы өтті.
Дүниежүзілік қоғамдастық (WOSCU) конференц-залында ұйымдастырылған бұл апталыққа жергілікті және шетелдік сарапшылар, ғалымдар мен кең ауқымды жұртшылық өкілдері қатысты.
Апталықтың салтанатты ашылу рәсімінде Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенаты Төрағасының бірінші орынбасары Содиқ Сафаев, Өзбекстан Ислам өркениеті орталығының директоры, Дүниежүзілік қоғамдастық басқармасының төрағасы Фирдавс Абдухолиқов және басқа да тұлғалар Өзбекстан мәдени мұрасын зерттеу және сақтау бойынша атқарылып жатқан игі істер халықтың, әсіресе жас ұрпақтың рухани дамуына және олардың ел тарихына деген қызығушылығын арттыруға қызмет ететінін атап өтті.
Айта кету керек, апталық бағдарламасы бірқатар іс-шараларды қамтиды, онда мәдениет және өнер саласының өкілдері маңызды баяндамалар жасап, қатысушылардың назарын аударады.
[gallery-19833]
Апталық аясында өтетін іс-шараларда елдің тарихи және мәдени мұрасын, әсіресе жастар арасында кеңінен насихаттау, Ислам өркениеті орталығын таныстыру, музей залдары мен кітапхананы байыту үшін серіктестер табу, сондай-ақ Имам Бұхари кешеніндегі музей жобаларын қолдау мәселелеріне үлкен назар аударылады.
Іс-шара барысында Жаңа Өзбекстанда мемлекет тарапынан ғылым, мәдениет және білім салаларында жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы деректі фильм көрсетілді.
Естеріңізге сала кетейік, апталық 27 қазанға дейін жалғасады.