Ташкентте «Жаңа лига» республика турнирі өтті
Фоторепортаж
Ташкент қаласындағы «Жаңа Өзбекстан» саябағында триатлон спорт түрінің «Aquathlon» бағыты бойынша «Жаңа лига» республика турнирі өтті.
[gallery-24088]
Турнирдің алғашқы күнінде 9 бен 14 жас аралығындағы балалар үш топқа бөлініп, жарысқа қатысты. Суда жүзу мен жүгіру кезеңдерінен тұратын бәсекеге 200-ден астам спортшы бақ сынады. Ал келесі күні әуесқой спортшылар өз шеберліктерін көрсетті.
Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылар тарапынан медаль, диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.
суреттерді түсірген М.АМИН, ӨзА