Ташкентте гүлдер фестивалі өтіп жатыр
Ташкент қаласында «Tashkent Flowers Fest — 2026» гүлдер фестивалі өтіп жатыр.
Қала әкімдігі және бірқатар серіктес ұйымдардың қатысуымен ұйымдастырылған бұл фестиваль аясында әсем гүлдер көрмесі, танымал өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарламалар, көркемөнер ұжымдарының қойылымдары, түрлі интерактивті ойын-сауық шаралары және ұлттық тағамдар көрмесі ұсынылып отыр.
[gallery-29280]
Өзбекстан Ұлттық кітапханасы қасындағы алаңында өтіп жатқан фестивальге жергілікті тұрғындармен қатар шетелдік туристер де қатысуда.
Айтулы фестиваль 9 мамырға дейін жалғасады.
суреттерді түсірген Н.Хайдаров, ӨзА