Ташкент қаласындағы Орталық Азия халықаралық институтында Қазақстанның Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтымен бірлесіп «XIX ғасырдағы өзбек және қазақ ойшылдарының дүниетанымындағы ортақ тарихи-мәдени мұраны нығайту және дамыту» тақырыбында халықаралық конференция өтті.
Абай Құнанбевтың шығармашылық мұрасына арналған мәдениет күндері аясында ұйымдастырылған шарға, Өзбекстан Ғылым академиясының (Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар бөлімі), Тарих институты, Туризм және мәдени мұра министрлігіне қарасты Мәдени мұра агенттігінің өкілдері Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бейбіт Атамқұлов, Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Республикалық тарихи материалдарды зерттеу орталығының директоры Меруерт Әбусейітова, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры Кенжехан Мәтижанов, Қазақстанның ғылыми мекемелерінің жетекші мамандары қатысты.
Атаулы конференцияда XIX ғасырдағы өзбек және қазақ ойшылдарының ғылыми, философиялық және әдеби мұраларын зерттеу мәселелері, өзбек және қазақ зиялыларының мәдениет саласындағы өзара ынтымақтастығын және әлемдік дамуға қосқан үлесі талқыланды.
[gallery-9938]
Орталық Азия халықаралық институты баспасөзнің хабарынша, бүгінгі таңда бауырлас екі елдің бай, ортақ тарихи-мәдени мұрасын зерделеу, насихаттау өзекті болып отыр. Бұл мәселе Өзбекстан мен Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі заманда экономикалық нәтижелермен бірге рухани-тарихи және мәдени мұралар ұлттық бірегейліктің негізгі өзегі ретінде ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі.
Шара соңында Орталық Азия халықаралық институты мен Р.Сүлейменов атындағы Қазақстан Республикасының Шығыстану институты арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды.