«Жібек жолы жауһары» атты XIV Ташкент халықаралық кинофестивальі аясында Қазақстан киносы күндері басталды.
13-18 қыркүйек күндері аралығында өтетін халықаралық кинофестиваль аясында ұйымдастырылған атаулы шара барысында қазақстандық режиссер Алдияр Байракимовтың «Паралимпиадашы» атты картинасы көрсетілді.
Фильм шынайы оқиға негізінде түсірілген болып, онда жас әрі мықты шаңғышы Мақсат Қуанышбаев есімді жігіттің қысқы Олимпиада ойындарына барар алдында жол апатына ұшырап, бір аяғынан айрылады.
Осы оқиғадан кейін ол ішкілікке беріліп, спорттан кетеді. Бірақ ол бір күні Паралимпиада ойындарына дайындалып жатқан мүмкіндігі шектеулі спортшылардың жаттығуына қатысып мүгедектігіне қарамай жақсы нәтиже көрсетеді. Мына жағдайды байқаған жаттықтырушы командаға қосылуын сұрайды.
Мақсат келісіп, 2018 жылы Пхёнчханда өткен қысқы Олимпиада ойындарында спринттен 1500 метр қашықтыққа жүгіруден бірінші келіп чемпион атанады.
Басты рөлді (Мақсат Қуанышбаев) жас әрі талантты актер Аскар Ильясов сомдаған.
Еске салар болсақ, XIV Ташкент халықаралық кинофестивальіне әлемнің 40-тан астам елінен 500-ге жуық кино өнерінің майталмандары қатысуы көзделген. Олар қатарында Такэси Китано, Люк Бессон, Арманд Ассанте, Сергей Безруков, Тимур Бекмамбетов, Бурак Озчивит, Умеш Мехра, Адай Абелдинов тағы басқа да танымал кино жұлдыздар бар.
Дүниежүзілік кино күндері аясында 150-ден астам көркем туынды, қысқа метражды және құжатты фильмдер көрсетіледі.