«Жібек жолы жауһары» атты XIII Ташкент халықаралық кинофестивалі аясында Қазақстанның киносы күндері басталды.

Араға 24 жыл салып қайта жанданған кинофестиваль аясында 14 елдің кино туындылары өзбекстандық киносүйер қауымға 1 апта бойы көрсетілмек. Солар қатарында 29 қыркүйек күні Өзбекстан Ұлттық драма театрында Қазақ киносының күндері, режиссер Ақан Сатаевтің «Анаға апарар жол» атты картинасымен ашылды.

Ашылу салтанатында кинофестивалге қазақстандық делегацияны бастап келген «Қазақфильм» төрағасы, режиссер Ақан Сатаев сөз сөйлеп, онда XIII Ташкент халықаралық кинофестивалінің қайта жандануын зор жетістік ретінде бағалады және фестивалдің жыл сайын өтуіне сәттілік тіледі.

Ақан Сатаев бастаған қазақстандық киногерлер қатарында, Қазақстан халық әртісі Нұржұман Ықтымбаев, режиссер Сатыбалды Текеев, Берік Айтжанов, Аружан Жазылбекова, Самал Еслямова сынды т.б актер-актрисалар болды. 

Қазақстан халық әртісі Нұржұман Ықтымбаев ашылу салтанатында сөзге шығып, ширек ғасыр бұрын дәл осы фестивалге келген кездегі қызықты сәттерді, сағыныш естеліктерімен бөлісе тұрып қазіргі «Кинематография агенттігінің» жетістіктерін жоғары бағалады. Сөзінің соңында Өзбекстан Ұлттық академиялық драма театрының директоры Ёдгар Сагдиевке қазақ киносының шоқтығы биік тұлғасы Шәкен Аймановтың фильмдер топтамасын сыйға тартты.

Қазақстан киносы күндері аясында көрсетілер филмдер топтамасы:

  • «Анаға апарар жол» (реж. Ақан Сатаев),
  • «Мұзбалақ» (реж. Тұрдыбек Майдан, Тілек Төлеуғазы),
  • «Күлтегін» (реж. Адай Әбілдинов),
  • «Әміре» (реж. Джеф Веспа),
  • «Бір сен үшін» (реж. Ардақ Төлеубай),
  • «Аманат» (реж. Сатыбалды Нарымбетов),
  • «Жылқы ұрылары» (реж. Ерлан Нұрмұхамбетов),
  • «Оралман» (реж. Сәбит Құрманбеков).

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент кинофестивалі: Қазақстан киносы күндері басталды