Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикром Ниёзхожаев бастаған делегация Шымкент қаласында болды.

Dunyo ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстандық дипломаттар Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының қызметімен танысты, сондай-ақ АЭА басшысы Нұрәлі Арғынбаев және басқарма төрағасының орынбасары Мақсат Көшеровпен келіссөздер жүргізді.

Онда екі елдің экономикалық аймақтары арасында өзара ынтымақтастық орнату, тәжірибе алмасу және басқа да мәселелер талқыланған.

«Сапар барысында Өзбекстан дипломатиялық миссиясының делегациясы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновпен кездесті. Диалог барысында екі жаққа да тиімді туризм, сауда, өнеркәсіп және мәдени-гуманитарлық салалардағы перспективалық жобалар талқыланды», делінген хабарламада.

Шымкент қаласының әкімі Ташкент-Шымкент бағытында жаңа туристік бағыттарды ашуға және Өзбекстандағы мәдени-гуманитарлық және туристік шараларға аймақтық делегацияны жіберуге дайын екенін мәлімдеген.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент пен Шымкент арасында жаңа туристік маршруттар ашылады