Spotify компаниясы шығындарды азайту үшін 1500 қызметкерін жұмыстан шығарады.
Компания басшысы Даниэль Эк жұмысшыларға жолдаған ашық хатында 17 пайызын жұмыстан шығаратыны жайлы айтылған.
«Экономикалық өсу күрт баяулады, ал капитал қымбаттады. Spotify бұл шындықтан тыс қалмайды. «Мен компания қызметкерлерін шамамен 17 пайызға қысқарту туралы қиын шешім қабылдадым», - дейді Эк.
Spotify компаниясында 9200-ден астам қызметкер бар. Компанияның операциялық пайдасы 2022 жылы 659 миллион еуроға дейін, ал таза табыс 430 миллион еуроға дейін төмендеді.
Қызметті пайдаланушылар 2023 жылы 574 миллионға жетті. Олардың 226 миллионы Spotify қызметіне төлеген.