SpaceX ғарышқа алғашқы туристерді ұшырды
16 қыркүйекке қараған түні, Илон Масктың SpaceX компаниясы орбитаға бірінші азаматтық экипажды ұшырды.
Флоридадағы Кеннеди ғарыш орталығынан ғарышқа аттанған Inspiration4 миссиясының аясында ғарышқа төрт адам ұшырылды. Олар құрамында кәсіпкер Джаред Айзекман, балалар ауруханасының қызметкері Хейли Арсено, тәжірибелі сынақшы-ұшқыш Сиан Проктор және инженер Крис Семброски.
Олар нағыз ғарышкерлер сияқты ұзақ дайындықтан өтпеген. Десе де SpaceX компаниясы тек медициналық тексерулер мен арнайы нұсқаулар көрсеткен. Экипаж мүшелері ғарышта шамамен үш күн болады.