26 қазанда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Өзбекстанға сапармен келген Қазақстан Республикасы Парламент Мәжлісінің Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады.

Кездесудің басында Қазақстан Мәжілісінің Төрағасы Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.

Сұхбат барысында екіжақты қарым-қатынастың өзекті мәселелері талқыланды. Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастар тұрақты нығайып келе жатқаны атап өтілді. Өзара сауда көрсеткіштері мен бірлескен кәсіпорындардың саны тұрақты өсуде, автомобиль жасау, тоқыма, электротехника, логистика және басқа да салаларда кооперация жобалары жүзеге асырылуда.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Заң шығару палатасы мен Қазақстан Республикасы Парламент Мәжлісінің арасындағы Парламентаралық кеңестің бүгінгі өткен бірінші отырысының жемісті нәтижелері атап өтілді.

Жоғары деңгейдегі келісімдерді сөзсіз орындау, өңірлер арасындағы ынтымақтастық пен мәдени-гуманитарлық алмасуды кеңейту мақсатында парламентаралық тығыз байланыстарды одан әрі дамытуға ерекше назар аударылды.

Заң шығару қызметі, өзін-өзі басқару органдарын дамыту және жастарды қолдау саласындағы тәжірибе алмасу, оның ішінде жас депутаттар делегацияларының сапарларын ұйымдастыру ынтымақтастықтың маңызды бағыты ретінде айқындалды.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзиёев Ерлан Қошановты қабылдады