Сеулде Өзбекстан-Корея туристік форумы өтті
Өзбекстан мен Оңтүстік Корея арасында жан-жақты іскерлік байланыстар мен ынтымақтастық мүмкіндіктердің шекарасы кеңейіп келеді. Соның ішінде туризм саласында да кең көлемде нәтижелер байқалуда.
Туризм комитетінің хабарлауынша, Сеул қаласында «road show» іс-шаралары аясында Өзбекстан-Корея туризм форумы өтті.
Форумға Туризм комитетінің төрағасы Умид Шодиев пен Өзбекстанның Оңтүстік Кореядағы елшісі Алишер Абдусаломов қатысты. Іс-шараға екі елдің туризм саласындағы 100-ден астам өкілдері бас қосты.

Форумның негізгі мақсаты – Өзбекстанның бай туристік әлеуеті мен мәдени мұрасын насихаттау, туристік компаниялар арасында ынтымақтастық орнату. Өзбекстандық туроператорлар өз өнімдері мен ерекше бағыттары туралы белсенді ақпарат беріп, кореялық туристер үшін Өзбекстанның тартымдылығын көрсетті.
Шарада екі елдің туристік компаниялары арасында туристерді жіберу бойынша келісімшарттарға қол қойылған B2B кездесулері болып, соңында қатысушылар өзбек халқының шығармашылығымен жақын танысып, ұлттық тағамдардан дәм татты.