Самарқандық каллиграф 60х80 өлшемді үлкен Құран кітабын жазып бітірді
Самарқандық каллиграф Абдужалил Эргашев 60х80 өлшемді үлкен Құран кітабын жазып бітірді.
Өзбекстан мұсылмандары басқармасының Самарқанд облыстық өкілдігінің хабарлауынша, 310 парақтан тұратын (610 бетті) арабша куфи жазулы Құран кітапты каллиграф үш жыл ішінде жазып аяқтаған.
Қолда жазылған үлкен форматтағы Құран кітабы Самарқанд қағазына жазылған. Атаулы қағаз ұзақ уақыт бойы сапасын және ылғалға төзімділігімен белгілі екені мәлім.