
Еуропаның танымал Euronews телеарнасының сайтында Өзбекстандағы жеке авиацияның дамуы туралы аналитикалық мақала жарияланды.
Басылымда жаңа әуе компаниясы Самарқандқа шетелдік қонақтарды көбірек тартуға көмектесетіні атап өтілген.
Мақалада Air Samarkand алдағы 12 ай ішінде Самарқандтан бірқатар бағыттарға чартерлік және тұрақты рейстер ашуды жоспарлап отырғаны айтылып, келер жылдың басында Түркия, Вьетнам, Малайзия, Индонезия және Қытайға әуе рейстері жолға қойылады және олардың қатарына Еуропа қалалары да қосылады.
«Заманауи әуежай, туристік кешеннің құрылысы және жаңа авиакомпаниялардың іске қосылуы Самарқанд қаласының әлемдік туристік картада лайықты орын алуына берік негіз жасайды», - деп жазған Euronews.