Өзбек ұлттық тағамдарын кеңінен насихаттау және гастрономиялық туризмді дамыту мақсатында биылғы жылдың 1–3 тамызы аралығында Самарқанд қаласында «Самарқанд палауы» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтеді.
Бұл шараны 14 елден келген 50-ден астам журналист пен блогер тікелей бақылап, әлеуметтік желілерде кеңінен жарытып келеді.
Фестиваль бағдарламасына сәйкес, бүгін «Палау – Өзбекстан халықтарының ұлттық асханасының мәдени және гастрономиялық бейнесі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.
[gallery-24583]
Онда ұлттық тағам - палаудың тарихы, биологиялық және энергетикалық ерекшеліктері, сондай-ақ осы тағаммен байланысты дәстүрлер мен құндылықтар сөз болды. Еліміздің әр аймағында дайындалатын «Ферғана палауы», «Самарқанд палау», «Той палауы», «Бұхара палауы», «Қуырып пісірілетін палау» және басқа да түрлерінің құрамы мен дайындау тәсілдері жөнінде мамандар пікір алмасты.
3 тамыз күні «Silk Road Samarkand» халықаралық туризм орталығындағы «Мәңгіліқ қала» кешенінде фестивальдің басты шарасы 7 тонна палау дайындау рәсімі өтеді. Оны Алмалық кен-металлургия комбинатында арнайы жасалған қазанда 50 жергілікті және 5 шетелдік аспаз бірлесе пісірмек.
суреттерді түсірген А.Исроилов, ӨзА