2023 жылдың 16-17 қыркүйегінде Самарқанд қаласында триатлоннан «Challenge Samarkand» халықаралық жарысы өтеді.
Беделді жарысты «Challenge family» классификациясы бойынша Самарқанд туристік орталығы – «Silk Road Samarkand» кешенінде өткізу жоспарлануда.
Көне қалада өтетін жарысқа шетелдік спортшылармен қатар әуесқойлар да қатыса алады. Жарыстың жүлде қоры 25 мың АҚШ долларын құрайды деп күтілуде.
Қатысушыларға 3 кезеңді спорт бойынша жас санатына сәйкес қашықтық белгіленеді. Оған сәйкес, орта қашықтықта олар алдымен 1,9 шақырымға жүзу, 86 шақырымға велосипедпен жарысу және 21,5 шақырымға жүгіру кезеңдерін өтуі керек. Әйелдер мен жастар үшін қашықтық біршама қысқа болады.