Шараф Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігінің қолдауымен Абай атындағы Ғылым және мәдениет орталығы мен қазақ тілі мен әдебиеті бөлімі ашылды.

Осыған орай өткен іс-шараға Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бейбіт Атамқұлов, екі елдің жоғары білім саласының өкілдері, Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеті мен Самарқанд мемлекеттік университетінің басшылары қатысты.

[gallery-19913]

– Өзбекстан мен Қазақстан жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Елдеріміз арасындағы академиялық байланыстарды нығайтуға, тілдерді меңгеруге және тіл мамандарының біліктілігін арттыруға әрекет етіп келеміз. Бүгінгі таңда елімізде 400 мектепте қазақ тілі оқытылады, қазақ тілінде білім беретін 162 мектеп бар. Қазақ тілінде жоғары білім және кәсіптік-техникалық білім алу үшін Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті, Қарақалпақстан Республикасы университеті, Гүлістан мемлекеттік университеті, сондай-ақ Нөкіс, Жызақ және Науаи мемлекеттік педагогикалық институттарында қазақ тілі мен әдебиеті факультеттері және кафедралары бар. Самарқанд мемлекеттік университетінде ашылып жатқан бұл орталық та жастарымызға қазақ тілін үйретуге қызмет етеді.

Іс-шараға қатысушылар жұмысын бастаған Абай атындағы Ғылым және мәдениет орталығы мен қазақ тілі мен әдебиеті бөлімімен танысты.

суреттерді түсірген А.Исроилов, ӨзА

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Самарқанд мемлекеттік университетінде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы ашылды