Ресейде жұмыс істеуге ниетті Өзбекстан азаматтарын оқыту үшін 500 орыс тілі мұғалімі арнайы орталыққа тартылатын болады

Ресейде жұмыс істеуге ниетті Өзбекстан азаматтарын оқыту үшін 500 орыс тілі мұғалімі арнайы орталыққа тартылатын болады.

Сыртқы еңбек көші-қон агенттігінің хабарлауынша, Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігі Ресейде жұмыс істеуге баруды жоспарлаған өзбекстандықтарды 25 бағыт бойынша кәсіпке оқыту мақсатында 500 мұғалімді арнайы 72 сағаттық тегін семинардан өткізіп, оларға арнайы сертификаттар табыстамақ.

Осы семинардан кейін бұл мұғалімдер министрліктің құрамында ашылған 25 оқу орталығында орыс тілінен сабақ береді. Бұл Ресей халықтар достығы университетінің оқу жоспары негізінде жүзеге асырылуы көзделген.

Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігі, Ресей халықтар достығы университеті және «World Skills Russia» арасында үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болып, онда шетелге жұмыс істеуге барғысы келетін азаматтарды 25 бағыт бойынша оқыту жоспарланған.

Меморандумға сәйкес, Ресей Федерациясының Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосибирск, Екатеринбург және Қазан қалаларында орыс тілі мен кәсіптік оқыту бойынша топ құрылып, жақында Новосибирскідегі ашылған оқу курсын сантехник мамандығы бойынша бітірген 14 азаматқа «World Skills Russia» сертификаттары табысталды.

Бұдан бөлек, алдағы уақытты Ресейдің өзбекстандық еңбек мигранттары шоғырланған аймақтарында орыс тілі мен кәсіптік оқыту орталықтарын ашу жоспарға енгізілген.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ресейде жұмыс істеуге ниетті азаматтарды оқыту үшін 500 орыс тілі мұғалімі тартылады
Жамият
10:23 / 27:10:2020