Ресейдің әскери ұшағы апатқа ұшырап, 29 адам қаза тапты
Ресейдің әскери көлік ұшағы Қырым үстімен ұшып бара жатқан кезде апатқа ұшырады.
Ел Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қайғылы оқиға салдарынан алты экипаж мүшесі мен 23 жолаушы қаза тапқан.
Ресми хабарламада «ұшаққа сыртқы әсер болмағаны», ал апаттың алдын ала болжамды себебі техникалық ақау екені айтылған.
Сонымен қатар, кейбір жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары Қырым үстімен жоспарлы рейс орындап келе жатқан ұшақтың жартасты аймаққа құлағанын жазуда.