Ресейде әскери ұшақ апатқа ұшырады
Ресейдің Иркутск облысында Ту-22М стратегиялық бомбалаушы ұшағы апатқа ұшырады.
Хабарда айтылуынша, бомбалаушы ұшақ Иркутск облысының Усоль ауданындағы Белая авиабазасының аэродромынан ұшып шыққан. Содан Черемхово ауданында жерге құлаған.
Ұшақтың 4 экипажы катапульта жасап, аман қалғаны айтылады.
Ресей Қорғаныс министрлігі жоспарлы рейспен келе жатқан ұшақтың апатқа ұшырағанын және «экипаж тірі» екенін растады. Ту-22М ұшағы техникалық ақауға байланысты апатқа ұшырағаны айтылған.