Қырғызстан полиэтилен пакеттерін өндіруден, сатудан және пайдаланудан толығымен бас тартады.
MИР 24 мәліметінше, тиісті заңды Қырғызстан парламенті үшінші оқылымда қабылдап, мемлекет басшысына қол қоюға жіберді.
Оған сәйкес, 2024 жылдан бастап республикада қаптама өндірісі тоқтатылады. Оларды таратуға толық тыйым салынғаннан кейін тұтынушыларға полиэтилен пакеттердің орнына қағаздан немесе матадан жасалған эко пакеттер ұсынылады. Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы дүкендер қазірдің өзінде полиэтилен пакеттерінен мүлдем бас тартқан.
Полиэтилен пакеттерден бас тартудың негізгі себебі - қоршаған ортаны ластау мәселесі. Суда олар 500 жыл бойы ыдырауы мүмкін.