Өзбекстан Жазушылар одағының бастамасымен Орталық Азия шығармашыл жастарының форумы өз жұмысын бастады.
Форумның алғашқы күні республикадағы өнер қайраткерлері мен Қазақстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Түркіменстан, Қырғызстанның жас қаламгерлері Өзбекстан Жазушылар одағы мен Жазушылар даңғылында болып, ұлы ойшыл тұлға Әлішер Науаидың мүсініне гүл шоқтарын қойды.
Соңғы жылдары Өзбекстанда жас өнерпаздарды қолдау, оларды ынталандыру, шығармашылық еңбектерінің жарық көруіне жақыннан көмек көрсету мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Форум басында Әдебиетшілер даңғылында өткен шығармашылық диалогта Өзбекстан Жазушылар одағының төрағасы Сирожиддин Сайид өзбек ұлттық әдебиетінің өркендеуіндегі өнегелі шығармалары, оның халық руханиятын көтерудегі орны мен маңызына кеңінен тоқталды.
Расында, соңғы жылдары әдебиетке саласында халықаралық ынтымақтастық нығая түсті. Өзбек жазушылары мен ақындарының шығармашылығын шетелде насихаттауға барлық қажетті мүмкіндіктер жасалуда. Қазіргі таңда халықаралық форумдар, әдеби конференциялар, өзара шығармашылық диалогтар маңызы теңдессіз болып тұр. Орталық Азия шығармашыл жастарының форумы осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі болып табылады.
– Соңғы жылдары Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы өзара ынтымақтастық пен достық қарым-қатынас жаңа даму сатысына көтерілді. 2018 жылы Қазақстанда «Өзбекстан күндері» мерекелік шаралар табысты өтті. Оның аясында әдеби іс-шаралар да көңілдге медеу болды. Көптеген өзбек ақындарымен кездесіп, әңгімелесіп, шығармаларынан ләззат алудың сәті түсті. Өзбекстанның халық ақыны Мұхаммед Юсуфтың шығармашылығы мені қатты қызықтырады. Өлеңдерім «Оянған жүрек үндері» жинағында, «Қазақ-Өзбек шығармашылығы антологиясында» жарық көрді. Орталық Азия шығармашыл жастарының форумы біздің өзара идеялар мен тәжірибе алмасуымызға қолайлы шығармашылық кеңістік бола алады деп ойлаймын, – деді қазақ ақыны Раушанбек Убаев.
Форумға қатысушылар Өзбекстан Жазушылар одағының және оның мұражайының қызметімен танысты. Елдгіе ұлттық әдебиеттің өркендету жолындағы игі істер оларға үлкен әсер қалдырды.
Назакат УСМАНОВА, ӨзА