Қазақстандық делегация Ишанабад ауылында қонақта болды

Қазақстан Республикасы Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев бастаған делегация Ташкент облысы, Шыназ ауданы, Ишанабад ауылында қонақта болды.
Қазақстандық делегация Ишанабад ауылындағы тұрғындар үшін жасалған қолайлықтармен танысып, ондағы жаңадан бой көтерген нысандарды көзден кешірді.
Қазақстан шекарасынан 20 шақырым жерде орын тепкен құтты мекенде өзбек, қазақ, тәжік, орыс және татар ұлтына жататын 3,2 мың халық өмір сүруде.


