Өзбекстан мен Қазақстан Президенттері Бахауддин Нақшбанд кешенін зиярат етті
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге жұмыс сапарымен келгеннен кейін Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Бахауддин Нақшбанд кесенесіне зиярат жасады.
Көне Бұхара қаласынан 12 шақырым қашықтықта орналасқан бұл кешен өңірдегі ең маңызды зиярат орындарының бірі саналады. Мұнда XIV ғасырдың ұлы ғұламасы, нақшбандия тариқатының негізін қалаушы Бахауддин Нақшбанд жерленген.


Өзбек және қазақ халықтарының діні де, рухани құндылықтары да ортақ. Елімізде өмір сүрген әулие-ғұламалар Қазақстанда да ерекше құрметке ие. Ұлы бабамыз Бахауддин Нақшбанд – сондай тұлғалардың бірі.


Кешен ғасырлар бойы қалыптасып, бүгінде оның құрамында кесене, Абдулазизхан салдырған зияратшыларға арналған ханака, екі мешіт, шайбанилер, аштарханилер және маңғыттар әулеттерінің әмірлері жерленген дахма, сондай-ақ сопылық тарихына арналған музей бар.


Өзбекстан Президентінің бастамасымен кешен қайта жаңғыртылып, тарихи келбеті қалпына келтірілді. Атап айтқанда, «Тоқи миёна» қақпасынан басталатын тарихи жол жөндеуден өтті, оның екі жағы көрікті бауға айналдырылды. Сонымен қатар музей мен дәретхана салынды. Маңғыттар әулетіне жататын Бұхара аталығы «Дониёлбий» салдырған медресе де жөнделуіп жатыр.


Зиярат барысында Құран оқылып, бауырлас халықтарға тыныштық пен береке тілеп, дұға жасалды.
