Қазақстан елшісі «Узархив» агенттігінің жұмысымен танысты
«Узархив» агенттігінде Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бейбіт Атамқұлов бастаған делегация мүшелерімен кездесу өтті.
Онда Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тату көршілік және стратегиялық серіктестік қарым-қатынастарды жаңа кезеңге көтеру, архивтер арасындағы ынтымақтастықты маңызды бастамалармен байыту, осы саладағы байланыстарды кеңейту және жан-жақты дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында архивке экскурсия ұйымдастырылып, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, оларды қалпына келтіру және цифрландыру процесстерімен танысу өтті. Сұхбат соңында маңызды келісімдерге қол жеткізілді.
