Өзбекстан Мәдениет министрілгінің тапсырысы бойынша түркиялық «Bo‘zdag‘ film» студиясы таспалаған «Мендирман Жалолиддин» тарихи сериялы жарыққа шықты.
Алашқы сериясы 14 ақпанда көрерменге жол тартқан туынды Хорезмді билеген Жалолиддин Мангубердінің өмірі, қолбасшылық еткен дәуірі мен тарихи шайқастары жайлы баяндайды. Десе де, сериялдың басты ұғымы Хорезмшах пен Шыңғысханның шайқасына негізделген.
<iframe width="696" height="252" src="https://www.youtube.com/embed/r1tLd05-MA8" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>
13 бөлімнен тұратын тарихи картинада басты рөлдерді, Хорезмшахты түрк актері Эмре Кивилджим сомдаған болса, ұлы Шыңғысхан образын өзбектің белгілі актері Джавахир Закиров бейнелеген. Ал, сериалды қазақстандық режиссер Нұрғиса Әлмұрат түсірген.
Тарихи туындыны әр аптаның жексенбі күні кешкі сағат 20:30да «Милли ТВ» арнасынан көруге болады.