Қазақстандық бір топ жас ақындардың өлеңдері өзбекше «100 шеър» атты жинақта жарық көрді.
Өзбекстан мен Қазақстан Жазушылар одағы арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандумда өзбек пен қазақ шығармашыл жастарының туындыларын аудару, басып шығару және бірлесіп таныстыру қарастырылған.
Осыған орай Өзбекстан Жазушылар одағының халықаралық байланыс және көркем аударма бөлімінің меңгерушісі Рустам Мусурманов пен «Ёшлик» журналы бас редакторы Нурилла Чориевтің атсалысуымен 25 жас қазақ ақынының жалпы саны 100-ге жуық өлеңі өзбек тіліне аударылып, баспадан шықты.
Ташкенттегі Жазушылар одағында Қазақстаннан келген шығармашыл делегацияның қатысуымен «100 шеър» жинағының тұсаукесері өтті.
Өзбекстанның халық ақыны Сирожиддин Сайид пен Қазақстандағы «Әдебиет әлемі» орталығының «Жас қалам» бірлестігінің жетекшісі Мұратхан Шоған жинақты шараға қатысушыларға таныстырды.
Айтулы салтанатты шарада екі халықтың ұлы тұлғалары Әлішер Науаи мен Абай Құнанбаев, Айбек пен Мұхтар Әвезов, Ғафур Ғұлам мен Сәбит Мұқанов және басқа да көптеген белгілі шығармашыл жандармен ақындардың мұрасы ортақ байлығымыз екені ерекше атап өтілді.
Сондай-ақ шараға жиналғандарға ақындар өлең оқып, жас қазақ ақындарының өлеңдері аударылған «100 шеър» атты жаңа жинақ әдебиет сүйер қауымға табысталды.