Президент Шавкат Мирзиёев Бұхараға барады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Бұхара қаласына барады.
Ертең, 11 сәуір күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге жұмыс сапарымен келеді.
Сапар аясында Бұхара қаласында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Онда Өзбекстан – Қазақстан достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту мәселелері қаралады. Саяси диалогты, парламентаралық, үкіметаралық және өңіраралық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылады.

Сондай-ақ Мемлекет басшылары тауар айналымын ұлғайту, өнеркәсіптік кооперацияны тереңдету, көлік, энергетика, су және экология салаларындағы бірлескен жобалар мен бағдарламаларды ілгерілету, мәдени-гуманитарлық алмасуды жандандыру мәселелерін талқылайды.
Халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша да пікір алмасу жоспарланған.

Сапар барысында тарихи ескерткіштерді бірлесіп аралау, өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметімен және өнімдер көрмесімен танысу көзделген.
Бүгін Мемлекет басшысы Бұхара облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен және перспективалы жобалармен танысады.