Португалия U-17 құрамасы әлем чемпионы атанды
Қатарда жасөспірімдер арасындағы футболдан U-17 әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.
Финалда Португалия мен Австрия құрамалары кездесіп, жалғыз соғылған гол португалиялықтарға тарихындағы алғашқы әлем чемпиондығын әкелді.
3-орын үшін матчта италиялық жастар бразилиялық қарсыластарын пенальти сериясында ұтты.