Пәкістанда Өзбекстанның туристік әлеуеті таныстырылды
Фоторепортаж
Наманган мемлекеттік университетінің бастамасымен Пәкістан Ислам Республикасының Лахор университетінде «Өзбекстанның тарихы мен мәдениетіне саяхат» атты насихаттау іс-шаралары ұйымдастырылды.
Өзбекстанның бай мәдениеті мен туристік әлеуетін таныстыруға бағытталған бұл іс-шаралар Өзбекстанның Пәкістандағы елшілігінің қолдауымен, сондай-ақ биыл Самарқандта өтетін БҰҰ ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-сессиясына орай ұйымдастырылды.
[gallery-22097]
Лахор университетінің профессор-оқытушылары, қала қоғам қайраткерлері мен студент-жастар қатысқан айтулы іс-шарада ұлттық қолөнер үлгілерінің көрмелері мен таныстырылымдары ұсынылды.
Көрмеде саздан жасалған бұйымдар, кесте тігу, ағаш ою және басқа да ұлттық қолөнердің бірегей туындылары көрсетіліп, жиналған қауымды тәнті етті. Осы шара барысында пәкістандықтар Өзбекстанның бай тарихымен, ұлттық құндылықтары және мәдени мұрасымен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды.
суреттерді түсірген О.Дадабоев, ӨзА