Өзбекстан Президенті Армения Премьер-министрімен кездесті
8 қазан күні Авазадағы іс-шаралар аясында Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёев Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесті.
Өзбекстан – Армения арасындағы көпқырлы қатынастарды одан әрі кеңейтудің өзекті мәселелері қарастырылды.
Түрлі деңгейлерде белсенді байланыстар жолға қойылғаны атап өтілді. Жуырда екі ел арасында саяси консультациялар өткізілді.
Өзара сауда көлемі артып келеді, елімізде Армения капиталының қатысуымен 80 кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр. Екі ел астанасы арасында тікелей әуе қатынасы жолға қойылған.
Ауыл шаруашылығы, зергерлік өнер, жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика, химия және туризм салаларындағы кооперациялық жобаларды ілгерілетудің маңыздылығы атап өтілді.
Осы бағытта Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын және бірлескен іскерлік іс-шараларды нәтижелі өткізудің қажеттігі айтылды.
Тараптар халықаралық маңызы бар мәселелерді және көпжақты ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты да талқылады.