МДҲ Парламентлараро ассамблеяси ялпи мажлисида Ўзбекистон ташаббуслари илгари сурилди
Түркіменстанның Аваза қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) Парламентаралық ассамблеясының 61-ші жалпы отырысы өтті.
Жалпы отырыста парламенттік ынтымақтастықты одан әрі дамыту, ұлттық заңнамаларды үйлестіру, экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық салалардағы байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының Төрағымы Танзила Нарбаева ассамблея аясында қабылданып жатқан үлгілік заңдар мен ұсынымдарды ұлттық заңнамаға енгізу бағытында Өзбекстанда атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып өтті.

Атап айтқанда, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау, денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру, медициналық құжаттарды өзара тану, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету салаларындағы ынтымақтастықтың маңызы атап өтілді.
Өзбекстанның 2027 жылы ТМД ПА-ға төрағалық етуі аясында парламенттік ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша бірқатар ұсыныстар мен бастамалар көтерілді.
Бірлескен инвестициялық және технологиялық жобаларды жүзеге асыруға қажетті құқықтық жағдайларды жетілдіру, өзара саудадағы кедергілерді азайту, терроризм, экстремизм және киберқылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ білім мен ғылым салаларындағы байланыстарды кеңейту ұсынылды.
2027 жылдың ТМД-да Құқықтық ағарту жылы деп жариялануына орай ассамблеяның қолдауымен парламент мүшелері, заңгерлер, педагогтер мен жастардың қатысуымен бірқатар кездесулер өткізу бастамасы айтылды.
ТМД ПА жалпы отырысы аясында Сенат Төрайымы Танзила Нарбаева Түркіменстан Межлиси Төрайымы Дүнягузел Гүлмановамен кездесті.

Кездесуде Өзбекстан мен Түркіменстан арасындағы парламенттік ынтымақтастықты одан әрі нығайту және жаңа мазмұнмен толықтыру мәселелері талқыланды.
Екі ел парламенттері арасындағы өзара сенім мен практикалық ынтымақтастық өзбек және түркімен халықтарының ежелден қалыптасқан достығы мен стратегиялық серіктестік қатынастарын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етіп отырғаны атап өтілді.
2027–2028 жылдарға арналған парламенттік ынтымақтастық жол картасын әзірлеу, парламенттік ынтымақтастық топтарының жұмысын жандандыру, сондай-ақ парламент комитеттері арасындағы байланысты нығайту жөнінде ұсыныстар айтылды.
Орталық Азия мемлекеттері жетекші әйелдерінің диалогы аясындағы ынтымақтастық мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, әйелдердің ғылым, инновация және кәсіпкерлік салаларындағы мүмкіндіктерін кеңейту, әйел ғалымдар мен кәсіпкерлер арасында тәжірибе алмасу және өзара байланыстарды дамыту жөнінде пікір алмасты.
***
ТМД ПА іс-шаралары аясында Сенат басшысы Танзила Нарбаева Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенкомен кездесті.

Кездесуде Өзбекстан мен Ресей арасындағы парламенттік ынтымақтастықты дамыту және өңіраралық байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды.
Өзара ынтымақтастық жөніндегі комиссияның қызметіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, комиссияның 2027 жылға арналған жұмыс жоспарын әзірлеу, өңірлерде жүзеге асырылып жатқан бірлескен жобаларды парламенттер тарапынан қолдау мәселелері қаралды.
Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту да кездесудің маңызды тақырыптарының бірі болды. Өзбекстанның 14 өңірі Ресейдің 50-ден астам субъектісімен тиімді ынтымақтастық орнатып, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы және логистика салаларында 200-ден астам бірлескен жобаны жүзеге асырып жатқаны атап өтілді.
Кездесуде тарапар білім, мәдениет және гуманитарлық салалардағы байланыстарды кеңейту мәселелері жөнінде де пікір алмасты.