Өзбекстан мен Дания СІМ арасында саяси консультациялар өткізу жолға қойылады
Өзбекстан мен Дания сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өткізу туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Бұл туралы Өзбекстанның сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов мәлімдеді. Оның айтуынша, құжат екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасында тұрақты саяси диалог жүргізуге, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуға және өзара тиімді ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылауға институционалдық негіз қалайды.
«Бұл сапар өзара ынтымақтастықты жаңа бастамалармен және нақты практикалық нәтижелермен толықтыруға қызмет ететініне сенімдіміз», – деді Б. Саидов.